ҚАЗАҚФИЛЬМ ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ ТУРАЛЫ ФИЛЬМГЕ КАСТИНГ ЖАРИЯЛАДЫ | GN Talents | GNEXT

GN Talents

ҚАЗАҚФИЛЬМ ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ ТУРАЛЫ ФИЛЬМГЕ КАСТИНГ ЖАРИЯЛАДЫ

29.01.2019
1209

Қала: Ақмола облысы

Өткізу күні: 29.01.2019

 

Картина Кеңес одағының классикалық күресшісі, әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтың өмірі туралы баяндайды. Фильмнің режиссерлері – Бақыт Қайырбеков пен Алексей Каменский.

 

«Қазақфильм» киностудиясы аталған жобаға басты және эпизодтағы рөлдердегі актерлер кастингін жариялайды. Талап бойынша, аталмыш картинаға 5-7 жас аралығындағы ұл балалар (жүзе біліп, атқа міне алуы қажет), 9-15 жас аралығындағы қыз балалар, 15-29 жас аралығындағы арықтау келген жас спортшылар (күресе білуі қажет), 30 дан 60 жасқа дейінгі спортшы ер адамдар (күресе білу қажет), 18-22 жас аралығындағы студент қыздар мен 20 дан 60 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер керек.

Дерек көзі: inform.kz