GN News | GNEXT

GN News

Тегін қоғамдық көлік, оқушылар шәкіртақысы. Шет елдердегі өзге де жақсы жеңілдіктер

2020-03-11, 15:08

 Еуропаның ең шағын мемлекеттерінің бірі Люксембургте автомобиль жолдарының жүктемесі зор. Мұнда 600 мыңға жуық тұрғын бар, оның бесінші бөлігі елордада қоныстанған. Сонымен қатар, күн сайын Люксембургке екі жүз мыңға жуық адам жұмысқа келеді: елдегі тұрғын үй қымбат, сондықтан көпшілігі Бельгия, Франция немесе Германияда тұрып, барып-келіп жұмыс істейді. Сондықтан жолдарда жиі үлкен кептелістер болып тұрады. Автомагистральдарды босату үшін жергілікті билік барлық қоғамдық көлікті тегін етуді шешті.

 

Жобаны жүзеге асыру үшін жылына шамамен 40 миллион еуро кететін болады: бұл герцогтық бюджеттің 8%. Бұл қоғамдық көлікке билет сатудан түскен табысқа тең болды. Алайда, биліктің есептеуінше, пайда бұдан әлдеқайда көп болады: кептелістердің болмауы, түтіннің аз бөлінуі және елдегі таза ауа.

Бұған дейін Люксембург 20 жасқа дейінгі азаматтар, сондай-ақ 30 жасқа дейінгі барлық студенттер үшін жолақысын алып тастаған-ды. Сонымен қатар, елде 2 еуро тұратын бірыңғай жол жүру билеті болды, оны бірнеше сағат ішінде кез келген көлікте пайдалануға болатын еді. Мемлекеттің кішкентай екенін ескере отырып, бір билетпен елдің бір шетінен екіншісіне оңай жетуге болатын.

 

 

 

Билік жолаушыларға жол ақысын төлеу қажеттігі жойылса, кем дегенде, бай және кедей люксембургтіктер арасындағы алшақтық қысқарады деп үміттенеді. Тұрғындардың көпшілігі, сондай-ақ елдің көптеген қонақтары автобустар мен трамвайларға көшпек. Люксембургте бұл үшін тамаша жағдайлар жасай алады: барлық жерде жақсы паркингтер жабдықталған, сондықтан да қалаға жеке автокөлікте келген адамдар оны автотұраққа қалдыра алады және әрі қарай автобуспен жүре алады.

 

Әлемде өз азаматтарына ғажайып әлеуметтік қызметтер мен кепілдіктерді ұсынатын, сондай-ақ соңғы бірқатар міндеттерді орындау қажеттілігін азаматтардың пайдасына таңқаларлық түрде өзгертетін көптеген елдер бар.

 

Швейцария және әскерден заңды түрде жалтару мүмкіндігі

 

Барлығы Отанға қызмет етуі тиіс. 

Швейцария армиясында қызмет 21-30 жас аралығындағы барлық ерлер үшін міндетті. Оны міндетті түрде әскери жиын түрінде өтеу керек. Күннің бірінші жартысын резервші әскери дайындыққа арнаса, екінші жартысында өз жұмыстарымен жүреді. Алайда, мұндай жағдай да көпшілікке ұнамайды. Олар үшін арнайы қызметтен бас тартудың заңды тәсілі бар – жыл бойы азамат алымдардың орнына өз табысының 3% мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.

 

Бразилия және оқушыларға төленетін ақылы оқыту

 

Кейде ел өз азаматтарын оқуға "баулуға" мәжбүр. Мәселен, Бразилия бастауыш мектептегі жағдайы төмен балаларға "жалақы" төлейді. Бұл шара ата-аналары оларды 16 жасқа дейін жұмысқа жібермеуі үшін жасалады. Бұл қарапайым шара балалардың оқу мекемесіне баруын ынталандыруы тиіс.

 


Кувейтте ешқандай коммуналдық төлемдер жоқ.

Коммуналдық төлемдердің жоқтығы, пайызсыз несиелер, 22 жасқа дейінгі жәрдемақылар, үйлену тойына арналған мемлекет сыйлықтары - бұл елдегі ең жоғары өмір сүру деңгейінің бір көрінісі. Әрине, бұл керемет байлық – мұнай шоғырының арқасында. Ең бастысы, онда жарық, газ және су үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.