Достар, бүгін біз Гарвард Медицина Баспасы Факультетінің редакторы және медицина ғылымдарының докторы Роберт Х. Шмерлингтің материалын талдамақпыз.
Коронавирус пандемиясына байланысты қорқыныш, алаңдаушылық және белгісіздік қызған сайын, жағымсыз жаңалықтар көбейіп келеді. Алаңдаушылық, әрине, орынды. Бірақ, үміт пен оптимизм үшін де негіз бар екенін ұмытпаған жөн. Сіз жартылай су құйылған стақанды "жартылай бос стақан" ретінде көрсеңіз немесе адамның пессимист типіне жататын болсаңыз, оларды байқау қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ олар бар. Бүгін солардың кейбіріне тоқталмақпыз.
- COVID-19-ға шалдыққандардың басым бөлігі сауығады. Эксперттердің болжамынша, енді COVID-19 тудыратын вирусты жұқтырған адамдардың 99%-ы сауыға бастайды. Қазірдің өзінде ауруға шалдыққан адамдардың кейбірінде ешқандай симптом жоқ. Мыңдаған адам өлсе де, өлім-жітімнің жалпы деңгейі шамамен 1%. Бұл басқаларға қарағанда SARS (шамамен 34%), ЖРВИ (шамамен 11%) немесе Эбола (90%) - дан әлдеқайда аз, бірақ орташа маусымдық тұмауға (0,1%) қарағанда жоғары.
- Екінші қуантатын жәйт – коронавирус балаларға сирек жұғады, жұққаның өзінде ауру жеңіл түрде өтеді. CDC мәліметтері бойынша, инфекциялардың басым көпшілігі әлі де ересектерге әсер етеді. Балалар мен олардың ата-аналары үшін бұл жақсы жаңалық. Алайда, балаларда инфекция жасырын түрде дамуы мүмкін екенін атап өту маңызды. Жақында Қытайда аурудың өршуінің басында жүргізілген зерттеулері бұны дәлелдеді. Бұл жаңа коронавирустың өзге инфекциялар сияқты қарттарға қоса балаларға көбірек әсер етпейтіндігі де қуантпай қоймайды.
- Аурудың жаңа кейстерінің саны ауру өршуі басталған жерлерде азая түсті. ДДҰ бас директоры өз сөзінде Қытай мен Корея Республикасында індеттің едәуір қысқаруы байқалғанын атап өтті. Шын мәнінде, Ухань провинциясындағы (аурудың ең алғашқы жағдайларының орын алған жері) жаңа жағдайлар оған келген саяхатшылардан "әкелінді". Нақты сандар тексеру қиын болғанымен, агрессивті диагностикалық тестілеу және қатаң оқшаулау шаралары сияқты инфекцияны ұстау үшін осы елдер қолданатын әдістер, егер Қытайда жаңа ауру жағдайларының саны шынымен қысқарса, бұл жақсы және бұл инфекцияның таралуын ұстап тұру үшін күш-жігер табысты болуы мүмкін екенін білдіреді.
- Интернет бар. Қазіргі уақытта бізде кем дегенде кейбір әлеуметтік және медициналық байланыстарды сақтап, әлеуметтік қашықтықты практикалық тәсілдері бар. Оқшаулаудағы немесе карантиндегі адамдар көмек сұрап, достарына барып, отбасы мен дәрігерлерді іс жүзінде көре алады, сондай-ақ өзінің жағдайы туралы жаңартылған ақпарат бере алады.
- Болашақта адамзаттың пандемияға деген реакциясы жақсаруы керек. Өйткені COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді айқын анықтап берді. Мысалы, болашақта қандай да болмасын вирус пайда болса, адамзат жылдам жаһандық ден қоюға, тест жиынтықтарын неғұрлым жылдам таратуға және мемлекеттер арасында келісілген жария хабарламалармен алмасуға тырысады.
- Адамдар мен ұйымдар жағдайды жақсарту үшін күш-жігерлерін біріктіре түсті. Мысалы, АҚШ-та кейбір ірі медициналық сақтандырушылар COVID-19-ға байланысты емдеу және тестілеу шығындарын өзідері көтеруге уәде берді.
Бірқатар танымал әрі атақты адамдар пандемиядан қаржылық соққы алған адамдарға көмектесу үшін елеулі ресурстарымен қайырымдылық жасады.
Жақында бекітілген заңнама кейбір америкалық қызметкерлер үшін ақылы демалыс және ақылы отбасылық және медициналық демалыс тағайындалып, сақтандыруы жоқ адамдар үшін тегін тестілеуге мүмкіндік берді.
Адамдардың қиын сәтте бір-біріне қалай көмектескендігі туралы көптеген әңгімелер естіп, видеоларды өз көзімізбен көріп жүрміз.