Біз жақынға деген махаббат немесе аяушылық сияқты сезімдерге ие тек адам баласы деп ойлауға үйреніп қалғанбыз. Шын мәнінде, жануарлар әлемінде тек өзін-өзі қорғау сезімін ғана емес, эмоциялардың кең ауқымын сезінуге қабілетті көптеген тіршілік иесі бар. Бүгінгі біздің материалымыз дельфиндер немесе приматтар туралы емес, эмоционалдық тұрғыда өте қызық сұр тотықұстар туралы. Иә, бұл құстар жақын арада басқаларға көмек көрсете алатын альтруистік ерекше мінез-құлықтарын көрсете білді.
Эксперимент былайша болды. Сұр тотықұстарды (жако), жетондарды дәмді тағамға айырбастауға үйретті. Содан кейін оларды арнайы боксқа салып, екі құстың алмасуына арналған тесігі бар мөлдір қалқамен бөліп қойды. Бұл ретте бір құстың жетоны болса да, бірақ оларды тамаққа айырбастайтын мүмкіндігі болмады. Екінші құста, керісінше, тамақ беретін нұсқаушымен байланыс болса, алмасатын жетондар болған жоқ.
Сұр тотықұстардың нағыз альтруисттер болып шыққаны орнитолог ғалымдарды шынымен таң қалдырды: сегіз жаконың жетеуі өздері ешқандай пайда алмаса да, қасындағы тотықұстың тамақтануы үшін өз жетондарын серіктесіне бірнеше рет беріп отырды.