Интернеттегі қауіпсіздік
Ғаломтор кейде жақсы, кейде жаман тор. Техниканың дамып кеткені сондай, уақытымыздың көбі жанымызға жақын жандардың жанында емес, ғаломтордың алдында мониторға телмірумен өтіп кететін күндеріміз болады. Ой-санасы, жеке пікірі қалыптасқан, ерік-жігері мен таңдау мүмкіндігі бар адам болсақ та, дәл осы ғаламтор алдында дәрменсіздік танытып жатамыз. Біздің әркетіміз осындай, ал ой-санасы қалыптаспаған, ақ пен қараны ажырата алмайтын балаларымыздың әрекеті қандай болмақ. Ақиқатыменқоса жалған ақпараты қатар жүретінғаламтор балаларымызды жақсылыққа да, жамандыққа да итермелеуі мүмкін. Ғаламтор бетінде әдемі өле білуді, ашығу арқылы арықтауды және басқа жаман әдетке үйрететін сайттар қатары қаншама. Сананы улайтын дұрыс емес ақпараттар ой-пікірі қалыптаспаған баланың денсаулығына,жан дүниесіне,тұлғалық дамыуына кері әсерін тигізеді. Жас ерекшелігіне қарай балаңызға беретін кеңестер де әртүрлі болып келеді. Мәселен 7-8 жас аралығындағы бала ата-анасы отыруға рұқсат етпейтін сайт немесе әлеуметтік желілерге кіруге тырысады. Олар аңғал,сенгіш болып келеді, сол себепті ата-ана ғаламторда не көріп, не оқып отырғанын бақылай алатын бағдарламаларды қолдануы керек. Нәтижесінде бала өзінің үнемі бақылауда екенің түйсінеді. Адам психикасына кері әсері ететін ақпараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы малімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зияның тигізетін вирустар тарайды. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының далелдеуінше, бүкіл әлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Мысалы: қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді. Ал енді мектепке келсек: Қазіргі заман дамыған заман болғандықтан барлық адамның қолында ұялы телефон бар. Қазіргі балаларда қортынды бақылауларын интернет желісі арқылы жауабын тауып өтірік бағада жүргенін мойындауға болады. Ал мұғалімдер оған тіпті мән бермейтте, өздері керсінше ұялы телефонда отырып, біреулермен сөйлесіп отырғанды жақсы көреді. Сондықтан барлық нарсеге нем құрайлы қараған жөн. Мына ережелерді қолданса:біріншіден ұялы телефондар түрін азайтуға, екіншіден «Интернетсіз күн» тәртібін ұстануға, оның мағынасы бір апта бойы интернет желісі өшіруге, үшіншіден балаларға керек емес програмаларды жоюға. Төртіншіден балаларға ұялы телефондарын мектепке әкелмеуге, интернетті жоқ, камерасы жоқ тек қана байланыс арқылы сөйлесетін телефон әкелуге. Ол ережені де үлкендер қолданса жақсы болар еді. Сол ереженің арқасында балалардың ойы білімге қарай ұмтылар еді.
Шағын кеңес
Балаңыздын компьютер алдында отырғанда уақыт режимін сақтауын талап етіңіз. Сіз оны бақылағыңыз келгендіктен емес, оның қауіпсіздігі үшін уайымдайтындықтан қадағалайтындығыңызды жане оған қашан да көмектесуге әзір екендігіңізді көрсетіңіз.
Әділжанова Ақбота, эссе,
Нұр-Сұлтан қаласы, Интернеттегі қауіпсіздік