Жастар еліміздің болашақ ұрпағы, бет-бейнесін қалыптастырушы тұлғалары.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жастарды қолдайтын бағдарламала құрылды.Мемлекетіміздің жоғарғы деңгейдегі қызыметкері болып,ғылымды дамытып,қоғамға үлес қосып,алға қойған мақсаттарға жетудің жалғызжолы-білімді ұрпақ. Елімізде жастардың тегін білім алып,ғылыммен шұғылданып ,идея бөлісіп,оны жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасалған.Сондықтан бізге қойылған міндеттерді орындап , сабағымызды жақсы оқып, алдыға қарай талпынушылық керек. Осы мүмкіндікті жіберіп алмау үшін, ата-ананың үмітін ақтап , ұқыпты ,әдепті,тәртіпті бала болып ,мектептегі іс-шараларға белсенді қатысып, сабағымды жақсы оқуға бар күшімді саламын.
Болашақта мен жол полиция қызметкері болуды армандаймын.Жол ережелерін бұзған азаматтарды тәртіпке шақырып ,оларға дұрыс жол жүру ережелерін ескертетін боламын.Мен бір ғана қызыметпен шектеліп қоймай, сонымен қатар өзімнің жеке кәсібімді алып жүргім келеді.Үлкен сауда-саттық кәсіп иесі болу,менің алға қойған арман мақсаттарымның бірі. Еліміздің қоғамына үлес қоса отырып, өзімнің жеке кәсібімді қатар алып жүретін боламын.Қазіргі таңда мен спортпен шұғылданып жаттығу үйірмелеріне қатысып жүрмін. Келешекте қала аралық және облыстық жарыстарға қатысып, алдыңғы орынды иелену мақсатым бар.Мен елімнің ақылды ,білімді болашақ ұрпағымын.Болашақта халқымның дарынды беделді,мақтан тұтар азаматшасы болатыныма кәміл сенемін.
Алкенова Алсу, эссе, г. Нур-Султан менің болашағым