Балалар көмекке мұқтаж балаларға қалай көмектесе алады?
Қамқорлық жасау қайырымды іс . Қамқорлық жасаған адмның жаны таза,жақсы адам. Мен үшін әрбір адам айналасындағы жандарға көмектесуге міндетті. Қазіргі кезде әрбір адам көмекке мұқтаж. Мысалы айналаңызға қараңызшы. Әрбір адамның мұңайған жүзін көресіз немесе мүмкіндігі шектеулі жанды көресіз тағы сол сияқты көмекке мұқтаж адамдар. Тәрбиелі адам үнемі жан-жағындағы көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын тұрады. Егер қолыңнан келсе неге жақсылық жасап қуантпасқа?! «Жанашырлыққа-жан риза » дегедей мен де қасымдағы достарыма да , үйдегі ата – анама , інілеріме , тіпті танымайтын жандардың көмекке мұқтаж екенін көрсем көмегімді беруге асығамын. Оларға қасына барып,көңілін көтеремін, сыйлыққ ұсынар едім, оған демеу болар едім. «ДОСЫҢА КӨМЕК БЕР» деген проект жасар едім. Бұл жобаның мақсаты : айналадағы көмекке мұқтаж жандарға көмек беру, қамқорлық жасай отырып бақытты қылу. Қоғамдағы өз орны бар адам екеніне сенім беру.
1. Еріктілер тобын құраймыз.
2. Көмекке мұқтаж адамдардың тізімін жасап, оларға арнайы күн белгілейміз. Көмекке мұқтаж адамдардың тізімін жасап, оларға арнайы күн белгілейміз.
3. Мерекелерде , туған күндерде сыйлық жасап , көңіл күйлерін көтеру.
4. Белгілі бір мақсатта , неге мұқтаж екенін анықтап қол ұшын беру.
Бұл менің өз ойымдағы жобам. Әрбір еліміздің көмекке мұқтаж жандары бақытты болуға, сенімді болуға, рухани мықты болуы тиіс .
Махсұт Ерасыл , эссе, Нур-Султан қаласы, Балалар көмекке мұқтаж балаларға қалай көмектесе алады?