Қауіпсіз ғаламтор-қауіпсіз қоғам
Қазіргі заман талабына сай техника дамып келе жатқан дәуірде адамның күнделікті өмірі компьютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмаймыз. Компьютерде отырған кезде жай ғана отыра алмаймыз, яғни ғаламторды пайдаланамыз.
Ғаламтор – тиімді байланыс құралы болып табылады. Онда көптеген мәліметтер жинақталған. Мысалы үшін электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Ғаламторды сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болады. Себебі, бір өзіне соншама ақпаратты сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұрады және әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстырады, керек болса, көзбе-көз әңгімелесіп , бейнесін де көруге болады.
Қазір ғаламтордан өзіңе керектіні (киім, тамақ, әшекей-бұйымдар т.б ) заттарды тапсырыс беріп алуға болады.
Бір жағынан ғаламтордың зияны да жоқ емес. Қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отырады. Ол бір жағынан адам денсаулығына әсер етеді, ал бір жағынан санаға да әсер етеді.
Кейбіреулер айтып жатады ғаламторға отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс, бірақ ол адамның өзіне байланысты. Қазір бір жағынан ойлап қарасаң ғаламторда адам пайдасына жаратар дұрыс ойын жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне,осының бәрі бала санасына әсер етеді. Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады, компьютер алдында 2-4 сағатты керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.
Сондықтан ғаламторды меңгеруіміз керек деп, таңертеңнен кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екенін бәріміз білеміз. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманынан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Баденова Сулушаш, эссе Павлодарсакя область Майский район, безопасный интернет