Интернет – бүкіл әлемдік миллиондаған компьютерлік желілерді бір-
бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Интернетті дұрыс қолдана білген
адамға интернеттің пайдасы зор, себебі интернет – негізгі ақпараттық-
коммуникациялық құралға айналып отыр. Алайда, ғаламтордың
жастарымызға пайдасы мен зияны қатар тиюде.
Интернетпен жұмыс жасаудың ережелері:
1. Таныс емес сайттарға бас сұқпаңыз.
2. Сізге пошта арқылы Word немесе Excel құжаты келсе (таныс адамнан
келсе-дағы), оны ашпас бұрын, вирустардың бар-жоғына тексеріп алыңыз.
3. Егер таныс емес қосымша келер болса, оны іске қоспаңыз, дұрысы –
жойып, себетті босатып қойыңыз.
4. Құпиясөзді еш уақытта ешкімге бермеңіз.
5. Құпиясөзді құрастырған кезде есте сақтап қалуға қиын сандардың және
әріптердің жиынтығымен қолдануға тырысыңыз.
6. Интернет арқылы қарым-қатынас орнатқан кезде өзіңіздің жеке
мәліметтеріңізбен қолданбаңыз, керісінше лақап атпен (никпен) қолданыңыз.
7. Үлкен адамдардың бақылауынсыз Интернетте танысқан адаммен кездесуге
бармаңыз.
8. Егер Интернетте тіркеуден өту қажет болса, ол жерде жеке
ақпаратыңыздың болмағанын қадағалаңыз.
9. Интернетте орналасқан ақпараттың барлығына бірдей сене бермеңіз.
10. Экранда маңызды мәліметтері бар компьютерді қараусыз қалдырмаңыз.
11. Маңызды мәліметтерді көпшілікке қолжетімді компьютерде сақтамаңыз.
Интернет ойындарға тәуелділіктің салдарынан жастардың денсаулығы
ғана емес, ойлау, сөйлеу, жазу мәдениеті де төмендеп барады. Интернет
ойыны мен жат сайттарға кірмеуге оқушыларымыз бел буды! Ғаламтордан
сақ болайық!
Болкен Айгерім, эссе Павлодарская область Майский район, безопасный интернет