GN Educates | GNEXT

GN Educates

Өз жолыңды табуға көмектесетін 5 кітап

2019-09-25, 16:42

Достар, кейде ата-аналарымыз біздің белгілі бір мамандықты немесе хоббиді таңдағанымызды талап етеді.  Не істеу керек?

 

Төмендегі кітаптар сізге өзіңізді жоғалтып алмауға, жүрегіңізді тыңдауға көмектеседі.

1.      "Маңызды жылдар" М. Джей

Болашақ бізден ең үлкен инвестициялар талап етеді, бірақ 20-30 жас аралығында басымдықтарды дұрыс қою әрдайым мүмкін болмайды. М. Джей саналы таңдау жасау және эмоцияға бармау туралы егжей-тегжейлі айтып береді.

 

2.      "Керек пен қалаймынның арасында" Эль Луна

Қоғам бізге мінез-құлық үлгісін таңады. Біз шын ниетімізден алыстап кетіп, бірдеңені жиі өзгелердің кеңестері бойынша таңдаймыз. Бұл жағдайды болдырмау үшін бізге суретші және жазушы Эль Луна көмекке келеді.

 

3.       Е. Резанова "Ешқашан – күндердің бір күнінде"

 

Өзгеруге бел бумаған адамдар ұшін практикалық нұсқаулық. Ұнамайтын жұмыстан қалай кетіп қалу керек; қорқыныштарыңды жеңіп, тұрақтылық иллюзиясынан арылу жолдары, - мансаптық кеңесші Елена Резанова бұл жолдан өтті және бізбен бірге бөлісуге дайын.

 

4.       "Мүмкін емес, бірақ мүмкін" Е. Пищиков

 

Бұл кітап "АндерСон" балалар кафесі желісінің негізін қалаушысымен бірлесе отыра жазылған. Фирмалық стильден корпаративтік құндылықтарға дейінгі күрделі мәселелердің тәжірибесі жазылған бұл кітап посткеңестік өмірде өз бизнесін ашқысы келетіндер үшін маңызды.

 

5.      "Махаббаты таңдаңдаңыздар" М. Фикссон

 

Бұл ресейлік дизайнердің өзін іздеуі, күмән мен табыс, ішкі мотивация және дүйсенбі күні кейінге қалдыруға болмайтын мақсаттар туралы әсерлі және жан-жақты жазылған тарихы.

 

Өзгерістерді дәл қазір бастап көр!