Қытай дегенде алдымен халық саны, «бір бала» ережесі мен әлемдік брендтердің үздік көшірмелері есімізге түсетіні белгілі. Бірақ аспан асты біз ойлағаннан да қызықты әрі құпияға толы.
· Қытайда жұмыстан қуылған азамат 2 аптаға дейін жуынбай жүруге міндетті.
· Қытайда 35 миллионнан аса адам яодун деп аталатын үңгір үйлерді мекендейді. Бұл Қазақстанның халық санынан екі есе көп.
· Сәттілік символы жарқанат болып табылады.
· Отбасының бас мүшесі еркек емес, күйеуінің немесе әйелінің апасы болып табылады.
· Жыл сайын Қытайда 4 миллион мысықты жеп қояды.
· IKEA дүкенінің сатылымда тұрған жиһазына жатып демалу, ұйықтап алу тек Қытай елінде ғана рұқсат етілген.
· 2010 жылы Қытайда әлемдегі ең ұзын жол кептелісі орын алды. Ол 12 күнге және 99 километрге созылған. Бұл Пекин қаласына кіретін жолда болған: миллиондаған қытайлықтар ҚХР құрылған күнін тойлап туыстарынан қайтып келе жатқан еді.
· Қытай-10 млн адамнан астам халқы бар төрт мегаполис орналасқан әлемдегі жалғыз ел. Олар Шанхай (24,15 млн), Пекин (21,516 млн), Гуанчжоу (13,08 млн) және Шэньчжэнь (10,467 млн).
· Планетада тұратын әрбір бесінші адам – осы елдің азаматы.
· Қытайда аптасына 31 доллар төлеп қызды жалға алуға болатын сайт бар.
· Қытайда «өлік аулаушы» деген кәсіп түрі бар. Бұл аспан асты елінде өзін-өзі өлтірушілердің тым көптігімен байланысты.
· Бұл елдің полициясы иттердің орнына қаздарды пайдаланады.
· Ғаламшарымыздағы барлық пандалар Қытайда мекен етеді. Егер панда басқа елде туылса да аталмыш елдің меншігі болып саналады.
· Әскерилер бастарын тік ұстап, қатқан қазықтай қақиып тұруs үшін, олардың жағасына ине қадап қояды. Басыңды сәл еңкейтсең, қауіпке өзің барып ұрынасың.
· 1973 жылы елдің билігі, демографиялық дағдарыстың алдын алу үшін, АҚШ-қа 10 миллион әйел ұсынды.
· Қытайдың ауаны шектен тыс ластайтындығы соншалық, сасық ауа Тынық мұхиты арқылы Сан-Францискоға дейін жетеді екен
· Қытайда ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар, АҚШ-тан да көп.
· Қытай – өлім жазасына кесілген адамдардың саны бойынша әлемдік көшбасшы.
· Пекин ауасымен демалу – бір күнде 21 темекі тартқанмен бірдей.