Бүгін біз сіздермен бір қарапайым жігіттің оқиғасымен бөліспекпіз. Петропавлдық Ербол Хамитов кішкентайынан джиу-джитсумен және аралас жауынгерлік өнермен айналысады. Бірақ 2017 жылы орын алған қайғылы оқиғадан кейін ол сол аяғынан айырылды. Бұл оның рухын төмендетпей, керісінше оның жігері мен қайратын арттыра түсті. Қазір ол паралимпиадалық жарысы бойынша Paralympic Skiing және жекпе-жек бойынша Gorilla Grappling Team сынды екі команданың құрамына енеді, сондай-ақ 2022 жылы Пекинде өтетін Паралимпиадалық ойындарға дайындық үстінде.
"Ең үлкен жеңіс - бұл өз-қзіңді жеңу. Кез келген жағдайда мен адам болып қалғым келеді. Әрине, жарыс триумфының дәмін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Адамдар үшін мені бір аяқпен көру үйреншікті жағдай емес. Олар таң қалып, шапалақтайды. Мен оларға қолдаулары үшін ризамын. Бірде грепплинг бойынша турнирде қарсыласым мені аяй бастап, маған беріле бастады. Мен оған «берілме, мен мында шынайы жеңіс үшін келдім» дедім", - дейді Хамитов.
Ал 21 қыркүйек күні Қанат Бейсекеевтің Ербол туралы фильмі шықты. "Ерболды мен әлеуметтік желілер арқылы таптым. Ол "Қайсар" жобасының кейіпкері болды, онымен бірге біз мақтан тұтатын басқа да керемет қазақстандықтар туралы жоба, олардың арасында Әли Тұрғанбеков пен Серік Есматовтар бар. Ербол маған ұнады. Ол қарапайым, ашық, мейірімді. Оның оқиғасы, әрине, жан түршіктіреді. Бірақ ол мойымай, жаттығуды жалғастыруда", - дейді Қанат Бейсекеев.
Ербол Хамитов Қанат Бейсекеевтің картиналарын көріп, оның шығармашылығының жанкүйері болғанын мойындайды. Бірақ оның Кана фильмінің кейіпкері бола алатыны үш ұйықтаса, түсіне де кірмейтін еді.
"Түсірілім еш қиындықсыз өтті, керісінше, маған өте қызық болды. Қанат маған: "Ашық бол, өзіңді қарапайым өмірдегідей ұста. Сонда бұл шынайы оқиға болады"-деді. Барлығы оның айтқанындай-ақ болды. Мен фильмді бірнеше рет көрдім, керемет шықты", - деп Ербол өз әсерімен бөлісті.
Достар, төмендегі фильмді көріп, өмірдің қиындықтарына мойымаған Ербол Хамитов деген қарапайым жігіттен қуат алуды ұсынамыз.
Ақпарат көзі: tengrinews.kz