GN Motivates | GNEXT

GN Motivates

Джеки Чанның жастарға берер 15 кеңесі

2019-10-04, 15:56

 Бүгін назарларыңызға әлемге әйгілі актер, жүрек жұтқан жігерлілігімен көпшіліктің кумиріне айналған Джеки Чанның қанатты сөздерін ұсынамыз.

 

•Егер жетістікке жеткіңіз келсе, алты жамандықтан аулақ болыңыз: ұйқышылдық, жалқаулық, қорқыныш, ашу, ойыншы-күлкішілдік, жалтақтық.

•Бақыттың формуласы: 80% - жұмыс, 15% - қайырымдылық, 5% - туған Гонконгқа деген махаббат. 

•Ешкім күнәсіз емес. Мен де әулие емеспін. Мен әлі күнге дейін өзімді-өзім дұрыс ұстауды үйреніп жүрмін. 

•Мен әрқашан өткенге қарап өкінбеу үшін өмір сүруге тырыстым. Тек қажет деп ойлаған нәрселерді істедім. Әрине, бұл жолда маған көп нәрсені құрбан етуге тура келді.

•Даңқ - бұл тиімсіз тауар: өте қымбат тұрады, бірақ нашар сақталады.

•Жетістікке жетудің ең жақсы тәсілі - істеген ісіңізге ғашық болу. 

•Біздің өмірімізде пайда болатын әрбір адам - мұғалім! Біреу бізді мықтырақ, біреу ақылдырақ болуға үйретеді, біреу кешіре білуге үйретсе,  біреулері - бақытты болуға және күн сайын рақаттана білуге үйретеді. Кей адамдар бізді ештеңеге де үйретпей, жәй сағымызды сындырады, бірақ осыдан тәжірибе аламыз. Бір сәтке көрінсе де, әр адамды бағалаңыз. Егер ол өмірімізде пайда болса, онда бұл кездейсоқтық емес! 

•Біздің жүрегіміздегі махаббат - өзгермейтін жалғыз ғана аңыз.

•Мен трюк жасай алмайтын күн менің соңғы жұмыс күнім болады. 

Формула қарапайым: менің достарым мен туыстарым мен үшін қаншалықты қорықса, менің жанкүйерлерім соншалықты көңілді болады. Бұл- менің ең басты мақсатым. 

•Көптеген адамдар менен: «сіз трюктар жасағанда қорықпайсыз ба?» деп жиі сұрайды. Мен қорқамын. Мен супермен емеспін. Мен де барлығы секілді қарапайым адаммын. 

•Маған мүмкін емес нәрсені жасауға күш беретін- жанкүйерлерім. 

•Қорқуға тұрарлық жалғыз нәрсе - қорқыныштың өзі. 

•Мен әлемдегі ең танымал дәрігер бола алар едім. Бірақ қазір әлемдегі ең танымал пациентке айналдым.

•Мен көңілім қалаған нәрсені жей беремін. Егер балмұздақ жесем, жәй ғана 20 минутқа ұзақ жаттығамын.