GN Motivates | GNEXT

GN Motivates

Абайдың асыл сөздері

Кеше, 16:24

Бүгін назарларыңызға ұлтымыздың мақтанышы ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, реформатор Ибраһим Құнанбаевтың даналық сөздерін ұсынбақпыз. «Мыңмен жалғыз алысқан» ақын Абайдың айбынды сөздері сізге мотивация сыйлайтыны анық.

1.     Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

2.     Жаныңа жаққанның соңына еруге жалқауланба

3.     Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,

     Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең.

4.     Есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді.

5.     Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.

6.     Өзің мал таба алмасаң – балаң мал тапсын.

7.     Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық.

8.     Көкірегі - сезімді, көңілі - ойлыға бәрі анық

9.     Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

10. Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.

11.  ...ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

12.  Әсемпаз болма әрнеге,

 Өнерпаз болсаң, арқалан.

 Сен де - бір кірпіш дүниеге,

 Кетігін тап та, бар қалан!

13.  Баланы ең әуелі мейір - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.

14.  Баланы ең әуелі мейір - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.

15.  Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

 Сонда толық боласың елден бөлек.

16.  Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек — дұрыс іс.

17.  Адам баласының ең жаманы — талапсыз.

18.  Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.

19.  Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге.

20.  Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды.