Мохандаас Карамчанд Ганди – өткен ғасырдың ұлы саясаткерлерінің бірі, бүкіл өмірін Үндістанды Ұлыбританиядан азат етуге арнаған қоғам қайраткері. Ешқандай қан-төгіссіз, бейбіт жолмен еліне тәуелсіздік алып берген ғасыр адамының айтқандарынан тағылым аламын десеңіз, төмендегі нақыл сөздерге назар аударыңыз:
1. Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзгеруді өзіңнен баста.
2. Болашағыңды өзгеруін қаласаң, сол өзгерісі тап қазір қолға ал.
3. Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкентай дененің әлем тарихын
өзгертуге қауқары жетеді.
4. Кешіру – мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмайды.
5. Шынайы өмірде ішкі проблемаларыңмен бетпе-бет келген кезде дін
жайлы білімдерің адыра қалып, түкке тұрғысыз болып көрінеді.
6. Біз тыңдаймыз, бірақ үнсіз қалу үшін емес.
7. Жеттім, толдым деген адамның дамуы тоқтап, міндетті түрде кері кетуі
басталады.
8. Кез келген адам қаласа, өзінің ішкі дауысын ести алады. Ішкі дауыс кез
келген адамда болатынына сеніңіз.
9. Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны
өнідру жолындағы еңбек қана.
10. Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық
керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді,
қалайша махаббатты қорғайды?
11. Мәселе ар мен ұятқа таянғанда көпшілік дауысы арқылы шешім
қабылдау дұрыс емес.
12. Ұлттың ұлылығы мен кеудесінің кеңдігін олардың жан-жануарларға
деген қарым-қатынасына назар салып-ақ байқауға болады.
13. Жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты қаласақ, алдымен
сәбилерге назар аударуымыз керек. Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол
өзгерудің алғашқысы өзің бол.
14. Зорлық-зомбылықпен келген жеңіс жеңіліспен пара-пар. Бұндай
жеңістің ғұмыры қысқа.
15. Бақыт дегеніміз – бұл сіздің ойлағаныңыз, айтқаныңыз бен істеген
ісіңіздің өзара үйлесімде болуы.