Отдыхаем вместе с GN | GNEXT

Отдыхаем вместе с GN

Шынайы оқиғаға негізделген 7 кітап

2019-10-22, 18:39

Біз әдетте жазушыларды шексіз қиялы мен оқиғаны жеткізу шеберлігіне қарап бағалаймыз. Олардың фантазиясының жемісі – ойдан құралған шым-шытырық оқиғалар бізді бірден баурап алады. Дегенмен шын өмірде тіпті нағыз қиялидың ойына келмейтін неше түрлі оқиғалар орын алып жатады.

Бүгін сіздерге осындай шынайы оқиғаға негізделіп жазылған 7 кітапты ұсынамыз.

Шытырман оқиғаға толы шынайы оқиғаларды оқып, эстетикалық ләззатқа бөленіңіз.

1.      «Билли Миллиганның жұмбақ тарихы», Дэниел Киз

Билли Миллиган – АҚШ тарихындағы психикалық ауруының «арқасында» жасаған қылмысы үшін кінәсіз деп танылған алғашқы адам. Оның денесінде қатарынан 24 түрлі адам өмір сүрді. Дэниел Киздің кітабы – Миллиганның тарихын анық баяндайтын деректі роман. Егер сіз ақыл-есі кем адамдардың өмірбаяндарын, олардың ауруларының табиғаты мен белгілерін ұнатсаңыз, «Билли Миллиганның жұмбақ тарихы» романы сіздің көңіліңізден шығатыны сөзсіз.

2.      «Шиндлер тізімі» Томас Кенэлли

Кітапта автор Екінші Дүниежүзліік соғыс кезінде концлагерь басшысы қызметін атқарған неміс азаматы Оскар Шиндлердің 1200-ге жуық еврейді аман алып қалған ерлігін сипаттайды. Режиссер Стивен Спилберг осы романның негізінде 1993 жылы кітаппен аттас тарихи драма түсірген болатын.

3.      «Зодиак» Роберт Грейсмит

Бұл деректі хикая 1966 жылдар мен 1981 жыл аралығында Американы шулатқан, «Зодиак» деген лақап атпен өмір сүрген қанішер кісі өлтіруші туралы. Кітап журналистік зерттеу негізінде жазылған.

4. «Америкалық трагедия» (Американская трагедия) Теодор Драйзер Америкалық жазушы Теодор Драйзердің шығармашылығында ең үздік туынды Клайд Графитстің хикаясын баяндайды. Автор: «Ешкім трагедияны қолдан жасамайды – ол өмірдің заңдылығы. Тек жазушылар соны бейнелейді», – деген болатын. Ал, «Америкалық трагедияда» жас жігіттің байлықтың дәмін татып, енді сол ортаға ену үшін еш нәрседен бас тартпайтыны бүгінгі қоғамның да кей мәселесін қозғап өтеді.

5. «Жарға жығатын баспалдақпен жоғары...» Бел Кауфман Бел Кауфман – әлемге танымал америкалық жазушы. Оған атақ-даңқ алып келген дәл осы романы болатын. Роман оқушылар, олардың ұстаздары, қалыптасқан жүйеге қарсы шыққан балалалр мен ересектер туралы. Кітап «Сәлем, мұғалім» деп басталып, «Сәлем, ақымақ!» деп аяқталады. Ал, бұл екі ортаны хаттар байланыстырады.

6. «Қарадағы ақ» Рубен Давид Гонсалес Гальего

Кітап біреулер үшін мұңға толы, енді біреулер үшін көңілді көрінуі мүмкін. Дегенмен, Рубен бұл кітап арқылы біз білетін қатыгез әлемге мейіріммен, махаббатпен қарауға мүмкіндік береді.

            7. «Қолыңнан келсе, мені ұстап көр» Фрэнк Уильям Абигнейл

16 жылда заң бұзудың шебері атанған Фрэнк Абигнейлдің өмірбаяны. Құқық тәртібі органдарынан жасырынып, құжаттарды қолдан жасап, ұшқыш, заңгер және дәрігер рөлін сәтті орындап шығады. Алаяқтықтың тәжірибесі Абигнейлге өзінің алғашқы заңды миллионын табуға көмектесті.

Аталмыш кітап кез келген жағдайда жеңімпаз бола білетін авантюристің таңғажайып тарихын айтады.