Уақыт - баға жетпес байлық. Әйтсе де, біз бұл жәйтті жиі есімізден шығарып аламыз. Facebook, Instagram, Snapchat сынды бағдарламалар орынсыз пайдаланса, уақыттың жауы.
Сонымен қатар, дарынды ақылдар біздің айфондарымызға тек ойын-сауық үшін ғана емес, сонымен қатар кейбір мағынада қолданба өмірін құтқаратын құрал ретінде шығарды. Мысалы, бүгін біз ақпаратқа тәуелілік дәуірінде уақыт пен зейінді дұрыс басқаруға көмектесетін смартфон бағдарламаларына тоқталмақпыз. Бұл топтамадағы бес бағдарлама сіздің өміріңізді жеңілдетуге және жұмсалған уақытты тиімді етуге арналған.
IFTTT
Өнімділікті арттырудағы әлемдегі ең танымал қосымшалардың бірінің аббревиатурасы былай түсіндіріледі: If This Then That. IFTTT-кез келген нәрсені автоматтандыру үшін қолданылатын қуатты құрал. Командалар (Recipes) автоматтандырылған әрекет жасайды. Мысалы, телефоныңыздағы барлық контактілерді pdf файлына автоматты түрде жинақтауды қаласаңызыз, қолданбадағы арнайы құрылған команда мұны жасай алады. Немесе барлық қажетті суреттерді жаңа Dropbox қалтасына жинайды.
IFTTT телефондағы барлық қосымшалармен үйлесімді.
Feedly
Сіз таңертең оқитын сайттар мен блогтардың тізімі ұзын болса, Ғeedly оны жүйеге келтіреді. Қолданбаға тек қажетті сайттардың коллекциясын қоссаңыз болғаны, ол өз бетінше оқуға ыңғайлы тәртіпте олардың әрқайсысында соңғы жаңартуларды жинайды. Сайттарды топтар бойынша (мысалы, Сән, Саяхат, Мәдениет) жинауға болады.
Goodbudget
Кірістер мен шығындарды оңтайлы басқара алу көп адамның арманы. Ай сайынғы шығындарды қадағалауға уақыт қана емес, сондай-ақ жақсы бағдарлама да керек. Бүкіл әлем бойынша мыңдаған пайдаланушылар бұл бағдарламаны бюджетті жоспарлау және бақылау үшін мінсіз деп санайды. Қолданба жұбайыңыз сияқты жақын адамдармен жазбаларды бірге жүргізуге мүмкіндік береді.
Self-Control
Абсолютті гениалды қолданба уақытты босқа кетіретін сайттар мен қолданбаларға кіруді шектейді. Бағдарлама сіздің әлеуметтік желілеріңіз, пошта, ойындар және басқа да онлайн прокрастинация құралдарыңызға құпия сөз орнатады.. Қолданба сізге қажетті құпия сөзді таймермен белгіленген уақыттан кейін ғана көрсете алатын мүмкіндік береді.