Су - тіршілік көзі. Сусыз өсімдіктер, жануарлар мен адамдар өмір сүру мүмкін емес.
Судың пайдасы жайлы шексіз сөйлеуге болады. Бірақ, бүгін біз ауыз судың пайдасы жайлы 10 дәлелдеме айтқымыз келеді:
- Адамның жүйесі судан тұрады. Тіпті сүйек тіні мен бұлшықет сұйықтықтың тиісті мөлшерінсіз жұмыс істей алмайды.
- Су балансын сақтау лимфа жүйесін күшейтеді.
- Денені шлактар мен токсиндерден тазартады.
- Буындардың амортизациясы мен жұмысын жақсартады, буынаралық сұйықтықтың өндірілуін арттырады.
- Денедегі метаболикалық процестерді белсендіреді.
- Бөлу жүйесінің жұмысын реттейді.
- Ағзаның температурасын оңтайлы күйде сақтайды.
- Жүйке жүйесін шамадан тыс жүктеуден қорғайды.
- Ойлау процестерін тездетеді, ақыл-ойды жақсартады.
- Салмақты реттейді.
Біз күн сайын су ішеміз. Бірақ, су ішудің тәуліктік нормасын білеміз бе?!
Мысалы, 2-7 жастағы балаларға күніне шамамен 1,5 литр су, ал жеті жастан он екі жасқа дейінгі балаларға шамамен 2 литр су ішу қажет.
Жасөспірімдер үшін судың тәуліктік нормасы ересектер үшін сияқты (2,5 литр) құрайды, алайда егер бала спортпен айналысса, онда ішетін сұйықтықтың көлемі литрден артық болуы керек.